Талғар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 03-163 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 07 қыркүйектегі N 09-729 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 19 қазанда N 2148 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 қыркүйектегі № 09-591 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 05.09.2016 № 09-591 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңы 21-бабына және Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңы 27-бабының негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Талғар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 наурыздағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" (Алматы облысы Талғар ауданы әділет Басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 19 сәуірдегі тіркелген нөмірі 2-18-143 және аудандық қоғамдық-саяси "Талғар" газетінің 2012 жылғы 9 мамырындағы 17-18 (4000-4001) нөмірінде жарияланған) N 03-163 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының 1-қосымшаға:
      қалалық шақыру комиссиясының құрамына: Асқар Советханұлы Оспанов - "Талғар қалалық Қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлім" мемлекеттік мекемесі бастығы (келісім бойынша) енгізілсін,
      аудандық шақыру комиссиясының құрамынан Азноварян Владимир Сумбатович шығарылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Райхан Нұрмұрзақызы Садықоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т. Өмірәлиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады