Ұйғыр ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2012 жылға белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2012 жылғы 17 ақпандағы N 2-2 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ұйғыр ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 19 наурызда N 2-19-129 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2013 жылғы 06 наурыздағы N 14-5 шешімімен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 06.03.2013 N 14-5 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшаларына сәйкес Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ұйғыр ауданы бойынша 2012 жылға бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жауапты орынбасарына және аудандық мәслихаттың бюджет, әлеуметтік және экономикалық даму, өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, байланыс, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім Әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       П. Джаппаров

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Н. Есжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ұйғыр ауданы бойынша
      салық басқармасы
      мемлекеттік мекемесі бастығының
      міндетін атқарушы                          Б. Бектібаев
      17 ақпан 2012 жыл

Ұйғыр аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 17 ақпандағы
"Ұйғыр ауданы бойынша бірыңғай
тіркелген салық ставкаларын
2012 жылға белгілеу туралы"
N 2-2 шешіміне қосымша

Ұйғыр ауданы бойынша 2012 жылға арналған бірыңғай тіркелген
салық ставкаларының мөлшері

Р/N

Салық салу объектісінің аталуы

Тіркелген
салықтың базалық
ставкаларының
мөлшері (айлық
есептік
көрсеткіш)

1

2

3

1

Бір ойыншы қатысуымен ойынға арналған ақшалай ұтыссыз ойын автоматы

3

2

бірнеше ойыншылар қатысуымен ойынға арналған ақшалай ұтыссыз ойын автоматы

3

3

дербес компьютерді ойын өткізу үшін қолданылу

1

4

ойын жолы

6

5

карт

2

6

бильярд үстелі

8

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады