Ұйғыр ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі N 4-5 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ұйғыр ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 10 мамырда N 2-19-135 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 4-тармағына және Ұйғыр ауданы әкімінің 2012 жылғы 05 сәуірдегі N 1-7/180 ұсынысына сәйкес Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ұйғыр ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, байланыс, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       П. Джаппаров

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Н. Есжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ұйғыр ауданының "Экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Исмаилов Мырзалим Муталимұлы
      13 сәуір 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады