Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 17.11.2021 № 7-15-72 шешімімен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 11-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұйғыр ауданының елдi мекендеріндегi бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Бюджет, әлеуметтік және экономикалық даму, өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, байланыс, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссияға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органынан мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Н. Дәуренбеков |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Н. Есжанов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Ұйғыр ауданының жер | |
қатынастары бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің бастығы | Манасбаев Азатжан Нурумханович |
02 қазан 2012 жыл | |
Ұйғыр ауданы бойынша | |
салық басқармасының бастығы | Сауданбеков Айдын Тұрғанбекұлы |
Ұйғыр ауданының елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының
шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық
ставкаларына түзету коэффициенттері
Рет N | Елді мекендердің атауы | Зона нөмірі | Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын түзету коэффициенттері |
1 | Шонжы ауылы (орталық бөлімі) | I | 1.4 |
2 | Шонжы ауылы (құрылыс аумағы) | II | 1.1 |
3 | Шонжы ауылы (құрылыс салынбаған аумағы) | III | 0.9 |
4 | Тасқарасу ауылы | I | 1.2 |
5 | Бахар ауылы | ||
6 | Шарын ауылы (құрылыс аумағы) | ||
7 | Рахат ауылы | ||
8 | Тиірмен ауылы | II | 1.1 |
9 | Үлкен Ақсу ауылы | ||
10 | Шырын ауылы | III | 1.0 |
11 | Қырғызсай ауылы | ||
12 | Сүмбе ауылы (орталық бөлімі) | ||
13 | Ават ауылы | ||
14 | Шарын ауылы (құрылыс салынбаған аумағы) | ||
15 | Дардамты ауылы | ||
16 | Кіші Дихан ауылы | ||
17 | Ақтам ауылы | ||
18 | Қалжат ауылы | ||
19 | Кетпен ауылы | ||
20 | Долайты ауылы | IV | 0.8 |
21 | Кіші Ақсу ауылы | ||
22 | Сүмбе ауылы (оңтүстік бөлімі) | ||
23 | Сұңқар ауылы | ||
24 | Ардолайты ауылы | ||
25 | Шошанай ауылы | V | 0.6 |
26 | Ұзынтам ауылы | ||
27 | Добын ауылы | ||
28 | Үлкен Дихан ауылы | ||
29 | Кепебұлақ ауылы | ||
30 | Канал учаскесі | ||
31 | Ферма учаскесі |