2013 жылы Ұйғыр ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтiк қолдауды ұсыну туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2012 жылғы 05 желтоқсандағы N 12-2 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 19 желтоқсанда N 2249 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы N 27-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 20.12.2013 N 27-10 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" N 183 Қаулысына сәйкес Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ұйғыр ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларының мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсетіліп, тұрғын үй сатып алуға немесе тұрғын үй құрылысына бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бюджеттік несие беру ұсынылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Халықты әлеуметтік жағынан қорғау, еңбекпен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, сауда, мәдениет, тіл және діни мәселелер жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2013 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       Х. Имиров

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Н. Есжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ұйғыр ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік
      мекеменің бастығы                          Исмаилов Мирзалим Муталимович
      05 желтоқсан 201 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады