"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3 тармағына және "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. "Жамбыл облысы Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (С.И.Мельников-келісім бойынша) 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында Тараз қаласында тұратын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу ұсынылсын.
2. "Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 Қаулысымен белгіленген тәртіппен азаматтар шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери дәрігерлік сараптамадан өтуі ұйымдастырылсын.
3. "Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Тараз қалалық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (Қ.С.Досанов-келісім бойынша) өз құзыреттері шегінде әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары К.М.Тоғызбаеваға жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 9 қаңтарынан пайда болған қатынастарға таралады.
Қала әкімі | Б. Орынбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жамбыл облысы Тараз қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С.И.Мельников
03.02.2012 жыл
"Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің
Тараз қалалық ішкі істер басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қ. Досанов
03.02.2012 жыл