Қала көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі N 813 қаулысы және Тараз қалалық мәслихатының 2012 жылғы 3 қазандағы № 8-5 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 2 қарашада № 1833 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ 2012 жылғы 3 қыркүйектегі азаматтар конференциясының № 1 хаттамасын ескере отырып, Тараз қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Герцен көшесі Ғазиз Байтасов көшесі болып өзгертілсін.
      2. Осы бірлескен кесім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Тараз қаласының Тараз қалалық
      әкімі мәслихатының хатшысы
      Б. Орынбеков Б. Нарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады