2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 318 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 1 қазанда № 1825 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27 - бабына, «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір – маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Демесинов
Мақсат Аманжолұлы

-

Байзақ ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Бошай
Қанат Далибайұлы
 

-

«Жамбыл облысы Байзақ ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісімі бойынша);


Комиссия мүшелері:


Рысқұлбеков
Ерсайын Жаңалұлы

-

«Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Байзақ аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы (келісімі бойынша);

Тулегенова
Раушан Ошанқызы

-

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Байзақ аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, дәрігерлік комиссия төрайымы (келісімі бойынша);

Медеубекова
Құралай Маманқызы

-

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Байзақ аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша).

      3. «Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті Байзақ аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) өз құзіреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыру ұсынылсын.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 сәуірінен туындайтын қатынастарға таралады.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мақсат Аманжолұлы Демесиновке жүктелсін.
      
      Аудан әкімі                                М.Шүкеев

«КЕЛІСІЛДІ»
«Жамбыл облысы Байзақ ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қ.Бошай
29 тамыз 2012 жыл

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы Байзақ аудандық
орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
Р.Сапарбеков
29 тамыз 2012 жыл

«Жамбыл облысы Ішкі істер
Департаменті Байзақ аудандық
Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
А.Т.Абдезов
29 тамыз 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады