2012 жылы Жуалы ауданының аумағында тұратын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы № 1 Шешімі. Жамбыл облысы Жуалы аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 7 ақпанда № 6-4-119 тіркелді

     РҚАО ескертпесі.
     Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1 тармағының 13) тармақшасы негізінде, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабы 3 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 36-бабына және «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Жамбыл облысы Жуалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ғ. Садыбековке (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында Жуалы ауданының аумағында тұратын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.
      2. Б.Момышұлы ауылы және ауылдық округ әкімдері «Жамбыл облысы Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, тіркеу жүргізу учаскесіне 1995 жылғы жасөспірімдерді тіркеуге келуін қамтамасыз етсін.
      3. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жамбыл облысы Жуалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1995 жылғы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақытылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері С. Жұмашевқа (келісім бойынша) шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтау үшін «Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қантардағы № 44 қаулысына айқындалған тәртіппен азаматтарды медициналық күәландырудан өткізу ұсынылсын.
      5. «Жамбыл облысының Ішкі істер Департаменті Жуалы ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Т. Жүсіповке (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Әділбақовқа жүктелсін.
      7. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м. а. Н. Ергебеков
       КЕЛІСІЛДІ:
      «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық
      сақтау басқармасының Жуалы аудандық
      орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
      С. Жұмашев
      26 қаңтар 2012 жыл
       «Жамбыл облысының Жуалы ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      Ғ. Садыбеков
      26 қаңтар 2012 жыл
       «Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің
      Жуалы аудандық ішкі істер
      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Т. Жүсіпов
      26 қаңтар 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады