Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 11.10.2013 № 22-6 шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Қордай ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық-инновациялық дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық сессиясының
төрағасы мәслихаттың хатшысы
Б. Сырманов Б. Әлімбет
Қордай аудандық мәслихатының
2012 жылғы 9 қарашадағы
№ 11-4 шешімімен бекітілген
Қордай ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Қордай ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары (әрі қарай - Қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.
2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
қызмет көрсетуші – коммуналдық қызметтерді көрсетумен айналысатын заңды немесе жеке тұлға;
өтініш иесі (жеке тұлға) – жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тұлға;
уәкілетті орган – «Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қордай ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
3) байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
4) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнына;
5) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
4. Қордай ауданында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
5. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Отбасының шекті ұйғарынды шығындардың үлесі отбасының жиынтық табысының 7 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасының жиынтық табысы атаулы әлеуметтік көмек туралы заңнамасымен айқындалған тәртіпте есептеледі.
6. Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін, тұрғын жайды пайдаланғаны үшін ақы төлеу жалпы негіздерде жүргізіледі.
Тұрғын үй көмегін көрсетуге өтініш қабылдау ағымдағы тоқсанның ішінде жүргізіледі және тоқсанға толығымен тағайындалады.
7. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын жайы (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережелерінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттар салыстыру үшін көшірме және түпнұсқада ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
9. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну ақысын, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан аса алмайды.
10. Тұрғын үй көмегін алушылар он күн ішінде қандай да болсын тұрғын үй меншігі нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендері туралы және тұрғын үй көмегі мөлшеріне әсер ететін басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегін дұрыс емес есептеген жағдайда уәкілетті органға хабарлайды.
11. Тұрғын үй көмегінен заңсыз алынған сомалары алушымен ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
12. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде келесі өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтерді тұтынудың нормалары ескеріледі:
1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормалары:
жеке басты азаматтар үшін – 30 шаршы метр, бірақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
екі және одан да көп адамды отбасына – отбасының әрбір мүшесіне 18 шаршы метр, бірақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
2) электр қуатын тұтыну нормасы (айына) - отбасының әрбір мүшесіне 80 киловатт;
3) газ шығындарының нормасы (айына):
газ жылыту пешінің (1 шаршы метрге) - 7,88 текше метр;
газбен ас дайындау (отбасының әрбір мүшесіне) - 22 текше метр.
Коммуналдық кызмет тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополистік қызметті) реттеу бойынша аумақтық уәкілетті орган қолданатын, көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды) бекіткен кездегі коммуналдық қызметтерді босату нормаларына баламалы.
3. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі
13. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну ақысын, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге шығындарды өтеу өтемақы соммалары уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.
4. Қорытынды ережелер
14. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.