Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат үйін бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Меркі ауданының әкімдігінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы N 1 Қаулысы. Жамбыл облысы Меркі ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 9 ақпанда 6-6-103 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 511 қаулысымен

      Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің 27.08.2013 № 511 қаулысымен
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, Меркі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меркі ауданындағы меншік нысандарының барлық ұйымдарында, кәсіпорындарында және мекемелерінде жұмыс орындарының жалпы санының бір процентi мөлшерiнде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Рысқұлбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Меркі ауданының әкімі                      С. Жұмағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады