Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Меркі ауданы мәслихатының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 5-6 Шешімі. Жамбыл облысы Меркі ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 07 маусымда 6-6-111 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 3-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 20.05.2016 № 3-5 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабындағы 5 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Меркі ауданының ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн жылына бір рет жергілікті бюджет қаражаты есебінен 5 000 (бес мың) теңге көлемінде әлеуметтік көмек берiлсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Меркі аудандық мәслихатының 04.04.2013 № 12-7; 28.03.2014 № 26-7 (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімдерімен
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық, аграрлық, шағын және орта бизнесті дамыту, бюджет пен салық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысы
      Б. Әлімбеков І. Ахметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады