Қарағанды облысының әкімшілік шекарасындағы Нұра өзенінде, Қарағанды облысының Шерубай-Нұра, Сарысу, Соқыр, Карагандинка өзендерінде, Көпкөл, Барақкөл, Ащыкөл көлдерінде, Федоров, Самарқант, Ынтымақ, Жартас Cу қоймаларында су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі N 11/06 қаулысы. Қарағанды облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 мамырда N 1913 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 09.04.2019 N 21/01 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді) қаулысымен.

      1. Бекітілген жобаларға сәйкес су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулері орнатылсын:

      1) "Қарағанды облысының Нұра өзенінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";

      2) "Қарағанды облысының Шерубай-Нұра өзенінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";

      3) "Қарағанды облысының Сарысу өзенінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";

      4) "Қарағанды облысының Соқыр өзенінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";

      5) "Қарағанды облысының Карагандинка өзенінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";

      6) "Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Көпкөл көлінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";

      7) "Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Барақкөл көлінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";

      8) "Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Ащыкөл көлінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";

      9) "Қарағанды облысының Федоров су қоймасында су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";

      10) "Қарағанды облысының Самарқант су қоймасында су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";

      11) "Қарағанды облысының Ынтымақ су қоймасында су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";

      12) "Қарағанды облысының Жартас су қоймасында су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін орнату";

      13) "Самарқант су қоймасының жағалауы бөлігінде орналасқан "Қазақмыс Корпорациясы" жауапкершілігі шектелген серіктестігімен Нұрқазған тау-байыту комбинаты технологиялық нысандарының сумен жабдықталған байыту фабрикасы үшін су қорғау аймақтарын және жолақтарын орнату";

      14) "Самарқант су қоймасының оңтүстік жағасында орналасқан "Арселор Миттал" акционерлік қоғамы өнеркәсіп алаңы үшін су қорғау аймақтарын және жолақтарын орнату";

      15) "Самарқант су қоймасының жағасында орналасқан "Нұр-СХ" демалу аймағына су қорғау аймақтарын және жолақтарын орнату";

      16) "Самарқант су қоймасының жағасында орналасқан "Космонавт" демалу аймағына су қорғау аймақтарын және жолақтарын орнату";

      17) "Самарқант су қоймасының жағасында орналасқан "СТЭКА" өнеркәсіп бірлестігі туристік базасы үшін су қорғау аймақтарын және жолақтарын орнату";

      18) "Самарқант су қоймасының оңтүстік жағасында орналасқан "Восток-1" сауықтыру кешені үшін су қорғау аймақтарын және жолақтарын орнату";

      19) "Самарқант су қоймасының оңтүстік жағасында орналасқан "Металлургжилстрой-Сервис" жауапкершілігі шектелген серіктестігі демалу аймағы үшін су қорғау аймақтарын және жолақтарын орнату";

      20) "Самарқант су қоймасының оңтүстік жағасында орналасқан "Темирстрой" жауапкершілігі шектелген серіктестігі демалу аймағы үшін су қорғау аймақтарын және жолақтарын орнату".

      2. Осы қаулының 1 тармағындағы көрсетілген су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде шаруашылыққа пайдалану тәртібі және ерекше жағдайлары қосымшаға сәйкес орнатылсын.

      3. "Қарағанды жер ҒӨО" еншілес мемлекеттік кәсіпорыны (келісім бойынша) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасын картографиялық материалдарға түсірсін.

      4. "Қарағанды облысының жер қатынастары жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі облыстық жер балансын жасаған кезде тиiстi өзгерістер енгізсін.

      5. Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск қалалары, Абай, Ақтоғай, Бұқар - Жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Шет және Ұлытау аудандарының әкімдері:

      1) заңнамалар талаптарына сәйкес су қорғау белдеулеріндегі жерді жобалық құжаттамаға сәйкес су қорының жеріне ауыстыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;

      2) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің белгіленген шекарасын және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібін осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап әрбір жер пайдаланушыларға жеткізсін;

      3) жер телімдерін бөлген кезде, осы қаулының қосымшасына сәйкес уақытша пайдаланудағы су қорғау аймақтарын, белдеулерін және шаруашылыққа пайдалану тәртібін сақтасын;

      4) тиісті пайдалану тәртібін сақтау жағдайына орай су қорғау аймақтары және белдеулерінің шегінде шаруашылық қызметін жүргізу үшін жер телімдерін бөлу, су объектілерінің ластануының, қоқыстануының және сарқылмауының алдын ала отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың қатаң келісімімен жүзеге асырсын.

      6. Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск қалалары, Абай, Ақтоғай, Бұқар - Жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Шет және Ұлытау аудандарының әкімдері, олардың ведомстволық қарастылығына және меншік нысанына тәуелсіз кәсіпорын, ұйым және басқа да шаруашылық нысандары басшылары пайдаланатын жерлердегі, су қорғау аймақтары және белдеулерінде:

      1) су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде орналасқан нысандарды пайдалануға беруді шаруашылық пайдалану тәртібіне сәйкес түрге келтіру бойынша жұмыстар жүргізілсін;

      2) шаруашылыққа пайдалану тәртібінің бұзылмауы және тиісті санитарлық жағдайы қосымшаға сәйкес, сондай-ақ су қорғау белгілерін сақтауды қамтамасыз етсін.

      7. Мемлекеттік уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және өзінің құзіреттілігі шегінде су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларының сақталуын, оларға белгіленген шаруашылық қызметінің тәртібін және ерекше қорғалатын су нысандарын бақылауды жүзеге асырсын.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.А. Әбілдаға жүктелсін.

      9. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енеді.

Қарағанды облысының әкімі

Ә. Құсайынов

КЕЛІСІЛДІ


Қазақстан Республикасы


денсаулық сақтау министрлігінің


Қарағанды облысы бойынша


мемлекеттік санитарлық-


эпидемиялогиялық қадағалау


департаментінің директоры


Т.Н. Хамитов



      "__" _______ 2012 жыл

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Су ресурстары комитетінің

      Су ресурстарын пайдалануды реттеу

      және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу

      бассейндік инспекциясының бастығы

      Б.З. Данбаев

      "__" _______ 2012 жыл

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2012 жылғы 5 сәуірдегі
N 11/06 қаулысымен бекітілген

Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа
пайдалану тәртібі және ерекше жағдайлары

      1. Су қорғау аймақтарының шегінде жол берілмейді:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысының әкімдігінің 13.01.2022 № 03/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Су қорғау белдеулерінің шегінде жол берілмейді:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 7-тармағымен және 145-1 бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысының әкімдігінің 13.01.2022 № 03/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) жол берілмейді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 09.04.2019 N 21/01 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады