Күндізгі оқу нысанында оқитын білім алушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) 2012 жылғы қаңтар және ақпан айларында жеңілдікпен жол жүруі туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған I сессиясының 2012 жылғы 24 қаңтардағы N 15 шешімі. Қарағанды қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 8 ақпанда N 8-1-151 тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің бітуіне байланысты қолдануы тоқтатылды (Қарағанды қалалық мәслихатының 2013 жылғы 7 наурыздағы № 2-34/148 хаты)

      Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің бітуіне байланысты қолдануы тоқтатылды (Қарағанды қалалық мәслихатының 07.03.2013 N 2-34/148 хаты).

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 1 тармағы 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 6 бабы 4) тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды қаласы білім алушыларының келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) 2012 жылғы қаңтар және ақпан айларында жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:
      1) Қарағанды қаласының жалпы білім беретін оқу орындарының бірінші сыныптан сегізінші сыныпқа дейінгі білім алушыларын қосып алғанда – тегін жүру;
      2) жалпы білім беретін оқу орындарының тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі білім алушыларына, кәсіптік лицейлер мен колледждердің білім алушыларына (тоғызыншы сынып негізінде бірінші курстан екінші курсқа дейін), оқушының белгілі күнтізбелік мерзімге арналған ұзақ мерзімді пайдаланудағы жол жүру билетін сатып алумен немесе қазіргі тарифтің 50 % төлеумен;
      3) барлық меншік түріндегі кәсіптік лицейлерде, колледждер (он бірінші сыныптардың негізінде) мен жоғарғы оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінде білім алушыларға белгілі күнтізбелік мерзімге арналған ұзақ мерзімді пайдаланудағы жол жүру билетін сатып алумен немесе қазіргі тарифтің 50 % төлеумен.
      2. IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2011 жылғы 11 мамырдағы XLVIII сессиясының "Күндізгі оқу нысанында оқитын білім алушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) 2011 жылдың үшінші және төртінші тоқсандарында жеңілдікпен жол жүруі туралы" N 496 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-134 болып тіркелген, 2011 жылғы 1 маусымдағы N 065 (817) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұхтаров) жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.

      V шақырылған Қарағанды
      қалалық мәслихатының кезекті
      I сессия төрағасы                          Г. Ивченко

      Қарағанды қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Қ. Оспанов

      Келісілді:

      "Қарағанды қаласының білім бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығының
      міндетін атқарушы                          А. Мештаев
      26.01.2012 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады