Жезқазған қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі N 05/01 қаулысы. Қарағанды облысы Жезқазған қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 27 сәуірде N 8-2-155 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 8 маусымдағы N 11/25 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2012.06.08 N 11/25 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)  қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1 бабына және 4 бабының 2 тармағының 5) тармақшасына, "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 316 қаулысына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтары қатарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің ұсынылған тізімі бекітілсін.
      2. "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімі), "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту орталығы), заңда белгіленген тәртіппен жұмыспен қамту бөлімінде немесе жұмыспен қамту орталығында тіркелген нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша іс-шараларды қаржыландыру 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бағдарламасының жергілікті бюджет есебінен 102 "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" ішкі бағдарламасы және республикалық бюджет есебінен 104 "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы қатысушыларына мемлекеттік қолдау көрсету шаралары" ішкі бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілетін адамдардың орташа айлық аударымдар мөлшері жалпы қаржыландыру сомасынан жұмысқа орналастырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда:
      жергілікті бюджет есебінен ай сайын ең төменгі айлық еңбекақының 50 % көлемінде 8720 (сегіз мың жеті жүз жиырма) теңге, жұмыс берушілердің бірлесіп қаржыландыру үлесі жұмыспен қамту бөлімі мен жұмыс берушінің арасында жасалған шартпен айқындалады және 2012 жылға белгіленген ең төменгі айлық еңбекақының 50 % төмен емес мөлшерін құрайды;
      республикалық бюджет есебінен алғашқы алты айда жалақы мөлшері 50 % дейін немесе 26 000 теңге, келесі үш айда 30 % дейін немесе 15600 теңге, соңғы үш айда 15 % дейін немесе 7800 теңге мөлшерінде белгіленсін, жұмыс берушілердің бірлесіп қаржыландыру үлесі Жұмыспен қамту орталығы және жұмыс берушінің арасында жасалған шартпен айқындалады және айлық еңбекақының 50 % кем емес мөлшерін құрайды.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Б. Ахановқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қаласының әкімі                  Б. Шингисов

Жезқазған қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 4 сәуірдегі
N 05/01 қаулысына
қосымша

Нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің тізімі

N

Ұйымның атауы

Кәсіп (мамандық)

Жұмыс орындарының саны

Жұмыс ұзақтығы (айлар)

Айлық жалақы мөлшері, теңге

Өтемақы мөлшері, теңге

Қаржыландыру көзі

1

Жеке кәсіпкер "Кулмаханбетова"

Қосалқы жұмыскер

3

6

17439

8720

Жергілікті бюджет

2

"Талап" қайырымдылық қоғамдық қоры

Бастауыш сынып мұғалімі

6

6

17439

8720

Жергілікті бюджет

3

Жеке кәсіпкер "Даулетбаева"

Кондитер

1

6

17439

8720

Жергілікті бюджет

4

"Максат" қоғамдық бірлестігі

Курьер

3

6

17439

8720

Жергілікті бюджет

5

Жеке кәсіпкер "Ибраев"

Қосалқы жұмыскер

3

6

17439

8720

Жергілікті бюджет

6

Пәтер иелері кооперативі "Арман-Аида"

Қосалқы жұмыскер

3

6

17439

8720

Жергілікті бюджет

7

Жеке кәсіпкер "Абильдина"

Ас үй жұмыскері

3

6

17439

8720

Жергілікті бюджет

8

Жеке кәсіпкер "Буката"

Абаттандыру жұмыскері

3

6

17439

8720

Жергілікті бюджет

9

Жеке кәсіпкер "Михальчук Олег Евгеньевич"

Қосалқы жұмыскер

5

12

52000

26000
6 ай,
15600
3 ай,
7800
3 ай

Республикалық бюджет

10

Жеке кәсіпкер "Искакова З."

Қосалқы жұмыскер

2

12

52000

26000
6 ай,
15600
3 ай,
7800
3 ай

Республикалық бюджет

11

"Савин Д.Э." жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Газбен және электрмен дәнекерлеуші, жинақтаушы-слесарь, өңдеуші

1

4

2

12

52000

26000
6 ай,
15600
3 ай,
7800
3 ай

Республикалық бюджет

12

Жеке кәсіпкер "Горкунов"

Сатушы

1

12

52000

26000
6 ай,
15600
3 ай,
7800
3 ай

Республикалық бюджет

13

"БИАС-Ко LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қосалқы жұмыскер

9

12

52000

26000
6 ай,
15600
3 ай,
7800
3 ай

Республикалық бюджет

14

Жеке кәсіпкер "Абдузова"

Ас үй жұмыскері

5

12

52000

26000
6 ай,
15600
3 ай,
7800
3 ай

Республикалық бюджет

15

Жезқазған қаласы әкімдігі Жезқазған қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің "Қалалық автокөлік жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

Қосалқы жұмыскер

20

12

52000

26000
6 ай,
15600
3 ай,
7800
3 ай

Республикалық бюджет

16

Жеке кәсіпкер "Ашимова М.Е"

Сатушы

1

12

52000

26000
6 ай,
15600
3 ай,
7800
3 ай

Республикалық бюджет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады