Теміртау қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 12 наурыздағы 16 сессиясының N 16/5 "Қызметін эпизотикалық сипатта атқаратын жеке тұлғалар үшін бір реттік талондар құны, базарлардағы алым ставкасы және әр бір салық салынатын объектілерге бекітілген салық ставкасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 28 қыркүйектегі N 8/6 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 6 қарашада N 1962 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 26 сәуірдегі N 15/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 26.04.2013 N 15/9 шешімімен.

      Бір топ депутаттардың салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкалары мөлшері жөніндегі ұсынып талдап және қарап, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Теміртау қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 12 наурыздағы 16 сессиясының N 16/5 "Қызметін эпизотикалық сипатта атқаратын жеке тұлғалар үшін бір реттік талондар құны, базарлардағы алым ставкасы және әр бір салық салынатын объектілерге бекітілген салық ставкасы туралы" (тіркеу нөмірі - 8-3-76, "Теміртау" газетінің 2009 жылғы 26 наурыздағы N 13, "Зеркало" газетінің 2009 жылғы 25 наурыздағы N 12 жарияланған) шешіміне келесі өзгерту енгізілсін:
      2009 жылғы 12 наурыздағы N 16/5 шешімінің 6 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын: "6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.";
      осы шешімнің 3-қосымшасының 6-тармағындағы "13" саны "7" санына ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экология, бюджет, өндіріс және құрылыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Ю. Дюпин

      Мәслихат хатшысы                           В. Свиридов

      КЕЛІСІЛДІ

      Теміртау қаласының әкімі
      Н.Е. Сұлтанов
      17.10.2012 жыл

      Теміртау қаласы бойынша салық
      басқармасының бастығы
      Қ.Е. Тоқубаев
      17.10.2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады