Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 12 шілдедегі N 24/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 23 шілдеде N 8-4-283 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 20 ақпандағы N 08/16 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 20.02.2014 N 08/16 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 11 шiлдедегi "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес және қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 8 желтоқсандағы N 54/410 "2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылы 5 қаңтарда тіркеу нөмірі N 8-4-262 болып тіркелді, 2011 жылы 21 қаңтарда "Балқаш өңірі" N 8-9 (11677), "Северное Прибалхашье" N 6-7 (717) газеттерінде жарияланған) сессиясының шешімін орындау үшін Балқаш қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету қамтамасыз етілсін (бұдан әрі - әлеуметтік көмек).
      2. Он сегіз жасқа толмаған әр мүгедек балаға, тоқсан сайын бес есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
      3. Келесі жағдайлар анықталсын:
      1) мүгедек балаларға әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған, сонымен қатар қамқорлыққа алынған балаларға (толық мемлекеттік қараудағы мүгедек балалардан басқалары), отбасы кірісін есепке алмаған жағдайда, үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне және өзге де заңды өкілдеріне беріледі;
      2) әлеуметтік көмек ағымдағы тоқсанға өтініш берген айдан бастап, "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі жанындағы ведомствоаралық психологиялық – медициналық – педагогикалық кеңесінің қорытындысында белгілеген мерзімге тағайындалады;
      3); әлеуметтік көмекті төлеу қаржыландырудың мүмкіндігіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Әлеуметтік көмек көрсетуді тоқтататын мәселелер туындаған жағдайда (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың интернат-үйі немесе санаторлық мектепте тұрып жатқан кезеңінде), төлемдер мәселе туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.;
      4. "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Томпиева Ж.К) (бұдан әрі – уәкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін.
      5. "Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" (Агдарбекова Г.Ж.) мемлекеттік мекемесі тоқсан сайын, әр тоқсанның соңғы айының 25 күні, әр мектеп бойынша үйде оқитын мүгедек-балалардың тізімін уәкілетті органға келесі тоқсан үшін ұсынсын.
      6. "Балқаш қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Тлеулесова Ж.М.), жергілікті бюджеттен қарастырылған қаражаттар шегіндегі міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес әлеуметтік көмек шығындарын қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Бахит Кадыровна Молдабаеваға жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi және 2012 жылғы 2 наурызынан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Балқаш қаласының әкімі                     Н. Аубакиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады