Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 17 мамырдағы N 109 қаулысы. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 11 маусымда N 8-5-130 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы N 30 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 17.03.2014 N 30 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылдың 1 наурызынан бастап үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі - әлеуметтік көмек).
      2. Әлеуметтік көмек әр мүгедек балаға тоқсанда төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілсін.
      3. Келесі жағдайлар белгіленсін:
      1) мүгедек балаларға әлеуметтік көмек (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне және мүгедек баланың басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
      2) әлеуметтік көмек өтініш білдірген мерзімінен бастап, "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;
      3) әлеуметтік көмек есеп берілетін айдан кейінгі айдың 15 күніне дейін төленеді. Әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      4. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н.Н. Гармашова) әлеуметтік көмекті тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін.
      5. "Қаражал қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Әбдірахманова Н.Ж.) міндеттеме мен төлемдердің қаржыландыру жоспарына сәйкес, қала бюджетінде қарастырылған қаражаттардың шегінде әлеуметтік көмекті қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаражал қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Құрмансейітовқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 наурызынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Қаражал қаласының әкімі                    Ғ. Әшімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады