Қаражал қалалық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы XIII сессиясының "Қаражал қаласында барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" N 118 шешіміне толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының Х сессиясының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы N 83 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 қаңтарда N 2110 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының ХХІІ сессиясының 2018 жылғы 5 сәуірдегі N 204 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының ХХІІ сессиясының 05.04.2018 N 204 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:

      1. Қаражал қалалық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы XIII сессиясының "Қаражал қаласында барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" N 118 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу Тізілімінде N 8-5-64 болып тіркелген, "Қазыналы өңiр" газетiнің 2009 жылғы 21 ақпандағы N 7 санында жарияланған) шешіміне келесi толықтыру енгiзiлсiн:

      шешiмнiң кіріспесіндегі "мемлекеттiк басқару" сөздерінен кейін "және өзiн-өзi басқару" сөздерімен толықтырылсын.

      2. Осы шешiмiнiң орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет және экономика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж. Серіков) жүктелсiн.

      3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

X сессияның төрағасы

Ж. Жетімек

Қалалық мәслихаттың хатшысы

З. Оспанова


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады