Қаражал қаласында барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының ХІІІ сессиясының 2009 жылғы 30 қаңтардағы N 118 шешімі. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 06 ақпанда N 8-5-64 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының ХХІІ сессиясының 2018 жылғы 5 сәуірдегі N 204 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының ХХІІ сессиясының 05.04.2018 N 204 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының Х сессиясының 2012.12.12 N 83 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      1. Қаражал қаласында барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Қаражал қалалық Мәслихатының 2008 жылғы 05 наурыздағы N 49 "Қаражал қаласында барлық салық төлеушілер үшін біріңғай тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы" шешімінің (2008 жылғы 25 наурыздағы Қаражал қаласының Әділет басқармасында тіркеу нөмірі 8-5-52, 2008 жылғы 05 сәуірдегі N 14 "Қазыналы өңір" газетінде жариялаған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық Мәслихаттың бюджет және экономика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына ( Б. Мусин) жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

ХIII сессиясының төрағасы,


қалалық Мәслихаттың хатшысы

Н. Кәдірсізов


  Қаражал қалалық Мәслихатының
2009 жылғы 30 қаңтардағы
N 118 шешіміне қосымша

Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері:

N

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

6

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

10

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

3

4.

Ойын жолы

35

5.

Карт

8

6.

Бильярд үстелі

12


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады