Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2012.05.30 N 12/33 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына сәйкес, техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру, олардың алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтауы мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес, 2012 жылы жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесі бекітілсін.
2. "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Т.Ғ. Қапарова), "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі (Қ.Б. Ашықбаев):
жұмыссыз азаматтарға жастар практикасынан өтуге байланысты мәселелер бойынша консультация беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;
жұмыс берушілермен жұмыссыз азаматтарға арналған жастар практикасын қаржыландыру туралы шарттар жасасын;
жастар практикасынан өту үшін түлектер қатарындағы жұмыссыз азаматтарды кәсіптік білімін ескере отырып, жұмыс берушілерге жіберсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелінсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім Б.Д. Ахметов
Сәтбаев қаласы әкімдігінің қаулысына
2012 жылғы 07 наурыздағы
N 05/03 қосымша
Өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес 2012 жылға жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерінің тізбесі
Р/с N |
Жұмыс беруші |
Кәсіп (мамындық) |
Ұйымдастырылатын жұмыс орынның саны |
Айлық жалақы мөлшері (теңге бойынша) |
Жұмыстың ай бойынша ұзақтығы |
1 |
"Сәтбаев қаласының әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі |
заңгер |
1 |
26000 |
6 |
экономист |
1 |
26000 |
6 |
||
2 |
"Қазақмыс" сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы |
қаржыгер |
1 |
26000 |
6 |
3 |
"Сәтбаев қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
қаржыгер |
2 |
26000 |
6 |
4 |
"Сәтбаев қаласының Әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
заңгер |
2 |
26000 |
6 |
іс жүргізуші-мұрағатшы |
2 |
26000 |
6 |
||
5 |
"Сәтбаев қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
экономист |
1 |
26000 |
6 |
6 |
"Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
іс жүргізуші-мұрағатшы |
1 |
26000 |
6 |
орыс, қазақ тілдерінің аудармашысы |
1 |
26000 |
6 |
||
музыка оқытушысы |
2 |
26000 |
6 |
||
экономист-бухгалтер |
1 |
26000 |
6 |
||
7 |
"Сәтбаев қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
қаржыгер |
1 |
26000 |
6 |
8 |
"Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
экономист |
1 |
26000 |
6 |
9 |
Сәтбаев қалалық соты |
іс жүргізуші-мұрағатшы |
2 |
26000 |
6 |
заңгер |
2 |
26000 |
6 |
||
10 |
"Сәтбаев қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
іс жүргізуші-мұрағатшы |
4 |
26000 |
6 |
экономист-бухгалтер |
3 |
26000 |
6 |
||
бастауыш сынып мұғалімі |
2 |
26000 |
6 |
||
дене шынықтыру мұғалiмі |
1 |
26000 |
6 |
||
11 |
"Тазалық 2020" жауапкершілігі шектеулі серіктестік |
экономист |
2 |
26000 |
6 |
12 |
"Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
экономист |
2 |
26000 |
6 |
экономист-бухгалтер |
1 |
26000 |
6 |
||
іс жүргізуші-мұрағатшы |
1 |
26000 |
6 |
||
заңгер |
1 |
26000 |
6 |
||
13 |
"Сәтбаев қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
инженер-құрылысшы |
1 |
26000 |
6 |
экономист |
1 |
26000 |
6 |