Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 ақпандағы "Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 26 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 17 тамыздағы N 73 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 10 қыркүйекте N 1930 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы N 262 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 20.08.2014 N 262 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысына, "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 қаулысына, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 710 қаулысына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 ақпандағы "Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 26 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-6-136 болып тіркелген және "Шарайна" газетінің 2012 жылғы 21 наурыздағы 23 (1994) нөмірінде ресми жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
      1) 8 тармақ алынып тасталсын;
      2) 9 тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрайымы Қоңырова Әлия Мешітбайқызы) жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            И. Бралин

      Қалалық мәслихат хатшысы                   С. Имамбай

      Келісілді:

      "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Т. Қапарова
      2012 жылғы 17 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады