Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 26.09.2013 N 36/12 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы N 378 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа алып, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Саран қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 наурыздағы N 11/02 "Саран қаласында жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-7-134 болып тіркелген, "Спутник" жарнамалы – ақпараттық апталықта 2012 жылғы 26 сәуірдегі N 17 жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер пен толықтыру енгізілсін:
1) 1 тармақ алынып тасталсын;
2) 2 тармақтың 2) тармақшасындағы "тізімге сәйкес" сөзі алынып тасталсын;
3) 2 тармақтың 3) тармақшасындағы "мемлекеттік бюджет есебінен" сөздерінен кейін "26 000 теңге мөлшерінде" сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Серікқызы Беделбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Саран қаласы әкімінің
міндетін атқарушы М. Кожухов