Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылы әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 13 сессиясының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы N 13/120 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 қаңтарда N 2108 тіркелді. Шешім қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатады - (Абай аудандық мәслихатының хатшысының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 3-19-240 хаты)

      Ескерту. Шешім қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатады - (Абай аудандық мәслихатының хатшысының 18.12.2015 № 3-19-240 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес (бұдан әрі - Ереже), Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылы көтерме жәрдемақы өтініш беру кезінде жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада берілсін.
      2. Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылы тұрғын үй салу және сатып алу үшін әлеуметтік қолдау - өтініш берген сәтіне, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын, маманмен мәлімделген сомада бюджеттік кредит түрінде берілсін.
      3. Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті орган ретінде "Абай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы шешімді іске асыру жөніндегі шараларды бекітілген Ережелерге сәйкес қабылдасын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (Н.Г. Белан).
      5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            М. Лозинский

      Абай аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Цай

      КЕЛІСІЛДІ

      "Абай ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Б. Муталяпова
      12.12.2012 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады