2012 жылы Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 3 сессиясының 2012 жылғы 10 сәуірдегі N 30 шешімі. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 11 мамырдағы N 8-10-149 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 11 сессиясының 2013 жылғы 13 ақпандағы N 106 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 11 сессиясының 13.02.2013 N 106 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шiлдедегi "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабы 3 тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
      1. 2012 жылы Ақтоғай ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына, өтініш берген сәтіне жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін өтініш берген сәтіне, бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын, бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. Осы шешiмді іске асыру бойынша "Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қ.Н. Болғанбаев) шаралар қабылдасын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы                            Р. Жақыпбаев

      Аудандық мәслихат хатшысы                  М. Оңғарқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады