Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы N 34/06 "2012 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімдігінің 2012 жылғы 01 ақпандағы N 02/04 қаулысы. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 15 ақпанда N 8-11-131 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес және жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы N 34/06 "2012 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тізіліміне N 8-11-129 болып тіркелген, 2012 жылы 7 қаңтарда N 1 "Сарыарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулының N 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ш. Мамалинов

Аудан әкімдігінің
2012 жылғы 01 ақпандағы
N 02/04 қаулысына қосымша

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 29 қарашадағы
N 34/06 қаулысына N 1 қосымша

Қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі

      1. "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Коммуналдық мемлекеттік қазыналық мекеменің Бұқар жырау ауданы мемлекеттік Зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының бөлімшесі" мемлекеттік мекемесі.
      2. "Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      3. "Бұқар жырау аудандық жастармен жұмыс Орталығы" мемлекеттік мекемесі.
      4. "Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      5. "Бұқар жырау ауданы бойынша Салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      6. "Бұқар жырау ауданының Ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      7. "Бұқар жырау ауданының Әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      8. "Бұқар жырау ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      9. "Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      10. "Бұқар жырау ауданының прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Бұқар жырау ауданының селолар, селолық, ауылдық округтер және кенттер әкімдері аппараттары мемлекеттік мекемелері.
      12. "Бұқар жырау ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      13. "Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      14. "Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      15. "Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      16. "Бұқар жырау ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      17. "Бұқар жырау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      18. "Бұқар жырау аудандық соты" мемлекеттік мекемесі.
      19. "Қарағанды жер ресурстарын және жерге орналастыру ғылыми-өндірістік орталығы" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының Бұқар Жырау филиалы.
      20. "Бұқар жырау ауданының Статистика басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      21. "Бұқар жырау аудандық Қазынашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      22. "Бұқар жырау ауданы мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі.
      23. "Жылжымайтын мүлік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының Бұқар жырау филиалы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады