"Жануарға ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қарашадағы N 309 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 26 желтоқсанда N 2071 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы N 377 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 18.12.2013 № 377 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi N 745 "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлген "Жануарға ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi бекiтiлсiн.
      2. Қарқаралы ауданының кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтың әкiмдерi мемлекеттiк қызметтi уақытында, сапалы көрсетудi қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының басшысы А.Р. Сатыбалдинге жүктелсiн.
      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкiмi міндетін атқарушы              С. Акимов

Қарқаралы ауданы әкiмдiгiнiң
2012 жылғы 27 қарашадағы
N 309 қаулысымен
бекiтiлген

"Жануарға ветеринариялық паспорт беру"
мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Жануарға ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттiк қызмет көрсетуді (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) осы регламентке (бұдан әрi - регламент) 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайы бойынша "Қарқаралы ауданы ауылшаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрi - ЖАО) бөлімшесінің ветеринариялық дәрiгерi (бұдан әрi - ветдәрiгер) ұсынады.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағы 20-тармақшасына10-1-бабының 12) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 29 сәуiрдегi "Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi N 745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" N 464 қаулысына (бұдан әрi – стандарт) сәйкес көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат осы регламентке 1-қосымшада көрсетiлген мемлекеттiк қызмет көрсету орындарындағы стендтерде орналасқан.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi – жануарға ветеринариялық паспортты (жануардың ветеринариялық паспорттың телнұсқасын, жануарға ветеринариялық паспорттың үзiндiсін) (қағаздағы тасымалдағышта) беру не жазбаша түрдегі мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдері:
      1) жануарға ветеринариялық паспортын (жануардың ветеринариялық паспортынан үзiндi) беру мерзiмi, жануарға жеке нөмiр берген сәттен бастап немесе оны беруден бас тартқанда - 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде;
      2) жануарға ветеринариялық паспорттың түпнұсқасын беру мерзiмi, жануар иесi жануарға ветеринариялық паспорттың жоғалғаны туралы өтiнiш берген күнiнен бастап - 10 (он) жұмыс күн iшiнде;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет ұсынудың ең жоғары рұқсат етiлетiн уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
      4) мемлекеттiк қызметтi алушыға ең жоғары рұқсат етiлетiн қызмет көрсету уақыты - 40 (қырық) минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiнен басқа жұмыс күндерi, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгі түскі үзiлiспен ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн күтуге және қажеттi құжаттарды дайындауға жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттардың тiзбесi және оларды толтыру үлгiлері бар стенділермен жарықталады).

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

      10. Жануарға ветеринариялық паспортты алу үшiн тұтынушы жануарға ветеринариялық паспорттың бланкiсiнiң құнын төлегенiн растайтын құжатты бередi. Бұдан басқа, жануарда - жануарға берiлген бiрдейлендiру нөмiрi болуы қажет.
      Ветеринариялық паспорттың телнұсқасын және (жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндi) алу үшiн тұтынушы:
      1) еркiн нысандағы жазбаша өтiнiш;
      2) жануардың ветеринариялық паспортының жоғалған, бүлiнген фактiсiн растайтын құжаттар (болған жағдайда) қоса бередi.
      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы жануарға ветеринариялық паспортты алу үшiн осы регламентке 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша ЖАО-ның ветдәрiгерiне жүгiнедi.
      Жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндi) алу үшiн тұтынушы осы регламентке 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша ЖАО-ның ветдәрiгерiне өтiнiш жасайды.
      Жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндi) алу үшiн жүгiнген кезде, тұтынушының өтiнiшi тiркеу журналына тiркелiп, мемлекеттiк қызметтi тұтынушыға күнi мен уақыты, мерзiмi және орны көрсетiлген талон берiледi.
      12. Жануарға ветеринариялық паспорт (жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасы және жануарға ветеринариялық паспорттан үзiндi) жануар иесiнiң жеке өзi не оның өкiлi келген кезде берiледi.
      13. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға, жануардың берiлген бiрдейлендiру нөмiрi болмауы негiз болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi iс-әрекеттер
(өзара іс-қимылдар) тәртiбi

      14. Құжаттарды қабылдауды осы регламентке 1-қосымшада көрсетiлген ЖАО-ының ветдәрiгерлерi жүргiзедi.
      15. Мемлекеттiк қызмет тұтынушысының өтiнiшi жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн тiркеу журналында, тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алатын күнi көрсетiлiп тiркеледi.
      16. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiне келесi құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (одан әрi – ҚФБ) қатысады:
      ЖАО ветеринариялық дәрiгерлерi.
      17. Әр әкiмшiлiк іс-әрекетiнің (рәсiмнің) орындалу мерзiмiн көрсетумен әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк іс-әрекеттерiнің (рәсiмдерiнің) өзара іс-қимылы дәйектілігінің мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес келтiрiлген.
      18. Мемлекеттiк қызмет көрсету және ҚФБ үдерiсiндегi әкiмшiлiк іс-әрекеттерінің қисынды логикалық дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін схемалар осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес келтiрiлген.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн лауазымды
тұлғалардың жауапкершiлiгi

      19. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiн бұзғаны үшiн лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

"Жануарға ветеринариялық
паспорт беру" мемлекеттiк
қызмет көрсету регламентi
1-қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсететін
ЖАО-ның тiзiмi

N

ЖАО атауы

Елдi мекен атауы

Байланыс телефоны

Мекенжайы

Сайт мекенжайы

1

"Қарқаралы ауданы ауылшаруашылығы және ветеринария бөлiмi" ММ

Қарқаралы қаласы

(872146) 31220

Қарқаралы қаласы, Бөкейхан көшесi, 40

жоқ

2

"Нұрмақов ауылдық округінің әкімі аппараты" ММ

Өсібай селосы

8(721)-32 55-2-72

Өсібай селосы, Елебеков көшесі, 6

жоқ

3

"Нүркен Әбдіров округінің әкімі аппараты" ММ

Жарлы селосы

8(72146)-34-3-04

Жарлы селосы, Машанов көшесі, 35

жоқ

4

"К.Аманжолов селолық округінің әкімі аппараты" ММ

Талды селосы

8(72146) 37-4-00

Талды селосы, Қ. Аманжолов көшесі, 2

жоқ

5

"Қоянды селолық округінің әкімі аппараты" ММ

Қоянды селосы

8(72132)-58-2-21

Қоянды селосы Советская көшесі, 5

жоқ

6

"Жаңатоған селолық округінің әкімі аппараты" ММ

Жаңатоған селосы

8(72146)-34-1-85

Жаңатоған селосы, Үшкүн көшесі, 39

жоқ

7

"Егіндібұлақ селолық округінің әкімі аппараты" ММ

Егіндібұлақ селосы

8(72147)-91-3-95

Егіндібұлақ селосы, Мәди көшесі, 10

жоқ

8

"Қарқаралы қаласының әкімі аппараты" ММ

Қарқаралы қаласы

8(72146)-31-2-84

Қарқаралы қаласы, Бөкейханов көшесі, 40

жоқ

9

"Бақты селолық округінің әкімі аппараты" ММ

Бақты селосы

8(72146)-38-7-21

Бақты селосы, Тәуелсіздік көшесі, 13

жоқ

10

"Балқантау селолық округінің әкімі аппараты" ММ

Қарабұлақ селосы

8(72147)-91-5-86

Қарабұлақ селосы, Қазақстан көшесі, 4

жоқ

11

"Абай селолық округінің әкімі аппараты" ММ

Айнабұлақ селосы

8(72147)-51-3-41

Айнабұлақ селосы, М. Батыр көшесі, 15

жоқ

12

"Угар селолық округінің әкімі аппараты" ММ

Матақ селосы

8(72146)-33-7-32

Матақ селосы, Школьная көшесі, 2

жоқ

13

"Мартбек Мамыраев селолық округінің әкімі аппараты" ММ

Ақжол селосы

8(72147)-33-3-00

Ақжол селосы, Н. Қабдыкәрімов көшесі, 12

жоқ

14

"Кырғыз селолық округінің әкімі аппараты" ММ

Бүркітті селосы

8(72146)-34-4-31

Бүркітті селосы, Тың көшесі, 8

жоқ

15

"Темірші селолық округінің әкімі аппараты" ММ

Татан селосы

8(72132)-36-5-60

Татан селосы, Орталық көшесі, 6

жоқ

16

"Қайнарбұлақ селолық округінің әкімі аппараты" ММ

Аппаз селосы

8(72159)-61-5-58

Аппаз селосы К.Сейілхан көшесі, 14/2

жоқ

17

"Бесоба селолық округінің әкімі аппараты" ММ

Бесоба селосы

8(72132)-36-4-43

Бесоба селосы, Әбдірасылов көшесі, 23

жоқ

18

"Тегісшілдік селолық округінің әкімі аппараты" ММ

Тегісшілдік селосы

8(72146)-37-5-01

Тегісшілдік селосы, Т. Әубәкіров көшесі, 11

жоқ

19

"Қарағайлы кентінің әкімі аппараты" ММ

Қарағайлы кенті

8(72146)-45-4-80

Қарағайлы кенті, 20, 4 квартал

жоқ

20

"Томар селолық округінің әкімі аппараты" ММ

Томар селосы

8(72132)-35-2-23

Томар селосы, Мәди көшесі, 4

жоқ

21

"Тәттімбет селолық округінің әкімі аппараты" ММ

Ақтасты селосы

8(72132)-53-2-87

Ақтасты селосы, Қазыбек би көшесі, 17

жоқ

22

"Шарықты селолық округінің әкімі аппараты" ММ

Теректі селосы

8(72132)-56-2-92

Теректі селосы, Абай көшесі, 12

жоқ

23

"Қаракөл селолық округінің әкімі аппараты" ММ

Қаракөл селосы

8(72132)-91-5-57

Қаракөл селосы, Строителей көшесі, 13

жоқ

24

"Мәди селолық округінің әкімі аппараты" ММ

Айрық селосы

8(72132)-54-2-60

Айрық селосы, Әбішев көшесі, 3

жоқ

25

"Ынталы селолық округінің әкімі аппараты" ММ

Ынталы селосы

8(72146)-50-0-11

Ынталы селосы, Бейбітшілік көшесі, 12

жоқ

26

"Қаршығалы селолық округінің әкімі аппараты" ММ

Көктас селосы

8(72146)-33-5-12

Көктас селосы, Гагарин көшесі, 30

жоқ

      Ескерту: ММ – мемлекеттік мекеме.

"Жануарға ветеринариялық
паспорт беру" мемлекеттiк
қызмет көрсету регламентi
2-қосымша

1-кесте. Әр әкiмшiлiк іс-әрекетiнің (рәсiмнің) орындалу мерзiмiн көрсетумен әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк іс-әрекеттерiнің (рәсiмдерiнің) өзара іс-қимылы дәйектілігінің мәтiндiк кестелiк сипаттамасы

1

Іс-әрекет N (барысы, жұмыстар ағыны)

1

2

3

2

ҚФБ атауы

ЖАО ветдәрiгерi

ЖАО ветдәрiгерi

ЖАО ветдәрiгерi

3

Іс-әрекет (үдеріс, рәсiм, операциялар) атауы және олардың сипаттамасы

Өтінішті тіркеу тұтынушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тексеру

Тұтынушы ұсынған құжаттарды қарау

Жануарға ветеринариялық паспортты (жануардың ветеринариялық паспорттың телнұсқасын, жануарға ветеринариялық паспорттың үзiндiсін) беру журналына не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тiркеу. Тұтынушыға дайын құжатты беруге дайындау

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру- өкiмдiк шешiм)

Құжаттарды қабылдау

Жануарға ветеринариялық паспортқа (жануардың ветеринариялық паспорттың телнұсқасына, жануарға ветеринариялық паспорттың үзiндiсіне) не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қою

Тұтынушыға дайын құжатты беру

5

Орындау мерзiмi

30 минуттан аспайды

1 жұмыс күнi

40 минуттан аспайды

2-кесте. Әр әкiмшiлiк іс-әрекетiнің (рәсiмнің) орындалу мерзiмiн көрсетумен әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк іс-әрекеттерiнің (рәсiмдерiнің) өзара іс-қимылы дәйектілігінің мәтiндiк кестелiк сипаттамасы

1

Іс-әрекет N (барысы, жұмыстар ағыны)

1

2

3

2

ҚФБ атауы

ЖАО ветдәрiгерi

ЖАО ветдәрiгерi

ЖАО ветдәрiгерi

3

Іс-әрекет (үдеріс, рәсiм, операциялар) атауы және олардың сипаттамасы

Өтінішті тіркеу, тұтынушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тексеру

Тұтынушы ұсынған құжаттарды қарау

Жануарға ветеринариялық паспортты (жануардың ветеринариялық паспорттың телнұсқасын, жануарға ветеринариялық паспорттың үзiндiсін) беру журналына не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тiркеу. Тұтынушыға дайын құжатты беруге дайындау

4

Аяқталу нысаны (мәлiметтер,құжат, ұйымдастыру- өкiмдiк шешiм)

Құжаттарды қабылдау

Жануарға ветеринариялық паспортқа (жануардың ветеринариялық паспорттың телнұсқасына, жануарға ветеринариялық паспорттың үзiндiсіне) не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қою

Тұтынушыға дайын құжатты беру

5

Орындау мерзiмi

30 минуттан аспайды

8 жұмыс күнi

40 минуттан аспайды

"Жануарға ветеринариялық
паспорт беру" мемлекеттiк
қызмет көрсету регламентi
3-қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсету және ҚФБ үдерiсiндегi әкiмшiлiк іс-әрекеттерінің қисынды логикалық дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін 1-схема

Мемлекеттiк қызмет көрсету және ҚФБ үдерiсiндегi әкiмшiлiк іс-әрекеттерінің қисынды логикалық дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін 2-схема

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады