Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 6 маусымдағы N 12/02 қаулысы. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 15 маусымда N 8-14-174 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 28 ақпандағы N 07/05 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 28.02.2014 N 07/05 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылғы 1 наурыздан бастап үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі-әлеуметтік көмек).
      2. Әлеуметтік көмек көрсету әр мүгедек балаға тоқсан сайын төрт айлық есептік көрсеткіш көлемінде ұсынылсын.
      3. Келесі жағдайлар белгіленсін:
      1) мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету (толық мемлекеттік қамтылған мүгедек балалар және мүгедек балаларға қатысты ата-анасының ата-ана құқығынан айырылған балалардан басқа) ата-анасының біреуіне немесе мүгедек баланың басқа заңды өкіліне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
      2) әлеуметтік көмек төлемдері өтініш білдірген мерзімінен "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін төленеді;
      3) өткен ай бойынша әлеуметтік көмек көрсету төлемдері қаржыландыруға байланысты төленеді. Әлеуметтік көмек көрсету төлемдері белгілі бір жағдайларға байланысты тоқтатылады (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туған сәттен кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      4. "Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г.Т. Жүпенова) әлеуметтік көмек көрсетуді тағайындау және төленуін қамтамасыз етсін.
      5. "Нұра ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Е.Қ. Айтуғанов) жергілікті бюджетте қарастырылған қаржы шегінде міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жоспарына сәйкес, әлеуметтік көмек көрсетуді қаржыландыру бойынша мәселені шешсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұра ауданының әкімінің орынбасары А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 наурыздан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.

Нұра ауданының әкімі
Қ. Бексұлтанов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады