Энтузиаст селолық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 маусымдағы N 13/01 қаулысы. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 26 маусымда N 8-14-176 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы N 31/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 10.12.2012 N 31/01 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" N 407 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ірі қара және ұсақ малдың ауруына байланысты (бруцеллез) Нұра ауданы Энтузиаст селолық округінің аумағында бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" N 407 қаулысымен көзделген талаптарына сәйкес ірі қара және ұсақ мал иелері шектеулі іс-шараларын орындау бойынша шаралар қабылдансын.
      3. Нұра ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі (О. Қантарбай) жануарлардың (бруцеллез) жұқпалы ауруларының таралуына жол бермеу және анықталған эпизоотиялық ошақтың ветеринариялық-санитариялық салауаттылығына жету мақсатында Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабында көрсетілген қажет ветеринариялық-санитариялық шараларды өткізсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұра аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Алшымбаев Ансари Нагаманұлына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабымен көзделген шектеу іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Досбол Боташұлы Бекмағанбетовке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Бексұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің
      Нұра аудандық аумақтық
      инспекциясының бастығы
      А.Н. Алшымбаев _____________
      2012 жыл 26 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады