Нұра аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 ақпандағы 2 сессиясының "2012 жылғы Нұра ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін кредит түрінде ұсыну туралы" N 20 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 12 сессиясының 2012 жылғы 4 қазандағы N 120 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 30 қазанда N 1959 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 17 сессиясының 2013 жылғы 20 наурыздағы N 166 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 17 сессиясының 20.03.2013 N 166 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, 2009 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" N 183 қаулысының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 28 маусымдағы N 869 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Нұра аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 ақпандағы "2012 жылғы Нұра ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін кредит түрiнде ұсыну туралы" N 20 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-14-169 тіркелген, "Нұра" газетінің 2012 жылғы 7 сәуірдегі N 14 (5248) жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "2012 жылға арналған Нұра ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы";
      1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      "1. Нұра ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылға арналған аудан бюджетінде қарастырылған сома көлемінде келесі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.".
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            И. Пронин

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Б. Шайжанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімінің бастығы"
      М.С. Мұхамеджанова
      08.10.2012 жыл

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қаржы бөлімінің бастығы"
      Х.А. Беков
      08.10.2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады