Ақсуат ауылдық округі Жақыпбек Маханбетов ауылының көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда қаласы Ақсуат ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 18 мамырдағы N 3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2012 жылы 19 маусымда N 10-1-214 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 3-тармағына сәйкес және 2011 жылғы 24 наурыздағы N 2, 2011 жылғы 3 қыркүйектегі N 5, 2011 жылғы 14 қазандағы N 7 Ардагерлер кеңесінің хаттамасына сәйкес Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШЕМІН:
      1. "Ардагерлер" көшесіне "Адран Найзағараев" атауымен қайта аталсын;
      "N 15" көшесіне "Бодық Жөнбаев" атауы;
      "N 33" көшесіне "Балмұхан Елеусізов" атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсуат ауыл округі әкімінің аппаратының бас маманы Б.Белгибаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкімнің міндетін атқарушы                     А. Нұрсейітов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады