Кейбір Қызылорда қалалық мәслихатының шешімдері мен Қызылорда қаласы әкімдігінің қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда қаласы мәслихатының 2012 жылғы 27 қыркүйектегі N 9/2 шешімі және Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі N 4548 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 17 қазанда N 4324 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қаласы мәслихатының 2013 жылғы 16 шілдедегі N 19/5 шешімі және Қызылорда қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 16 шілдедегі N 589 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қаласы мәслихатының 16.07.2013 N 19/5 шешімімен және Қызылорда қаласы әкімдігінің 16.03.2013  N 589 қаулысымен (қаулы мен шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43–1-бабына сәйкес, V шақырылған Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған кейбір Қызылорда қалалық мәслихатының шешімдері мен Қызылорда қаласы әкімдігінің қаулыларына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың кезекті
      ІХ сессиясының төрағасы                   Б. МАСТЕКОВ

      Қызылорда қаласының әкімі                 М. ЖАЙЫМБЕТОВ

      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы                      И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ

      Қызылорда қалалық мәслихатының
      2012 жылғы 27 қыркүйектегі N 9/2
      шешімімен және Қызылорда қаласы
      әкімдігінің 23012 жылғы 27 қыркүйектегі
      N 4548 қаулысымен бекітілген

       Кейбір Қызылорда қалалық мәслихатының шешімдері мен Қызылорда қаласы әкімдігінің қаулыларына енгізілетін өзгерістер

      1. "Қала көшелеріне қайта атау беру және жаңадан атау беру туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 11 сәуірдегі N 42/6 шешімі және Қызылорда қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі N 998 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-1-173 тіркелген, 2011 жылы 6 мамырда N 17 "Ақмешіт ақшамы" газетінде, 2011 жылы 5 мамырда N 19 "Ел тілегі" газетінде жарияланған):
      көрсетілген шешім мен қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабының 4 тармақшасына және Қызылорда қалалық ономастикалық комиссиясының 2011 жылғы 30 наурыздағы N 1/1 қорытындысына сәйкес, Қызылорда қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, IV шақырылған Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
      көрсетілген шешім мен қаулының орыс тіліндегі мәтінінің 12,  9-тармақтарына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
      2. "Қызылорда қаласындағы көшелерге атау беру туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 20 маусымдағы N 44/4 шешімі және Қызылорда қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 20 маусымдағы N 1508 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-1-178 тіркелген, 2011 жылы 29 шілдеде N 29 "Ақмешіт ақшамы" газетінде, 2011 жылы 22 шілдеде N 30 "Ел тілегі" газетінде жарияланған):
      көрсетілген шешім мен қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабының 4 тармақшасына және Қызылорда қалалық ономастикалық комиссиясының 2011 жылғы 24 мамырдағы N 2/4 қорытындысына сәйкес, Қызылорда қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, IV шақырылған Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      3. "Қызылорда қаласындағы мөлтек аудандар, даңғылдар, көшелер мен тұйықтарға атау беру туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 20 маусымдағы N 44/3 шешімі және Қызылорда қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 20 маусымдағы N 1507 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-1-181 тіркелген, 2011 жылы 5 тамызда N 30 "Ақмешіт ақшамы" газетінде, 2011 жылы 5 тамызда N 32 "Ел тілегі" газетінде жарияланған):
      көрсетілген шешім мен қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабының 4 тармақшасына және Қызылорда қалалық ономастикалық комиссиясының 2011 жылғы 24 мамырдағы N 2/2 қорытындысына сәйкес, Қызылорда қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, IV шақырылған Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      4. "Қызылорда қаласының көшелеріне атау беру туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 51/3 шешімі және Қызылорда қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 2524 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-1-203 тіркелген, 2012 жылы 18 қаңтарда N 4 "Ақмешіт ақшамы" газетінде, 2012 жылы 19 қаңтарда N 3 "Ел тілегі" газетінде жарияланған):
      көрсетілген шешім мен қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қызылорда қалалық ономастикалық комиссиясының 2011 жылғы 30 қарашадағы N 5/1 қорытындысына сәйкес, Қызылорда қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, IV шақырылған Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      5. "Қызылорда қаласындағы мөлтек аудандар мен көшелерге атау беру туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 51/2 шешімі және Қызылорда қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 2523 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-1-204 тіркелген, 2012 жылғы 25 қаңтарда N 5 "Ақмешіт ақшамы" газетінде, 2012 жылы 26 қаңтарда N 4 "Ел тілегі" газетінде жарияланған):
      көрсетілген шешім мен қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қызылорда қалалық ономастикалық комиссиясының 2011 жылғы 29 маусымдағы N 3/2 қорытындысына сәйкес, Қызылорда қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, IV шақырылған Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады