Әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Қызылорда қалалық мәслихатының 2012 жылғы 08 қарашадағы N 10/3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 26 қарашада N 4344 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 маусымдағы N 18/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 20.06.2013 N 18/4 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қызылорда қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, спорт мамандарына, ауылдық жерлерде жұмыс істейтін ветеринария мамандарына, оның ішінде ветеринариялық пунктердің мамандарына, ауылдық елді мекендерінде тұратын мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне, ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне, мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы түріндегі әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың кезектен
      тыс Х сессиясының төрайымы                Р. ҚАЛЖАНОВА

      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы                      И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады