Арал ауданы көлемінде 2012 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды шақыру учасклеріне алғашқы әскери тіркеуді ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімінің 2012 жылғы 01 ақпандағы N 6 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 07 ақпанда N 10-3-196 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімінің 2012 жылғы 06 наурыздағы N 9а шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімінің 2012.03.06 N 9а шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 33 бабын және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 Заңының 17 бабын басшылыққа ала отырып, Арал ауданы көлемінде 2012 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды шақыру учаскелеріне алғашқы әскери тіркеуді ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында ШЕШЕМІН:
      1. Арал ауданы көлемінде 2012 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды шақыру учаскелеріне алғашқы әскери тіркеуді ұйымдастыру жүргізілсін.
      2. Кент, ауылдық округ әкімдеріне, аудандағы мекеме басшыларына:
      1) "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 Заңына сәйкес шақыру пунктіне бөлінген азаматтарды өздерінің жұмыс орнындағы қызмет міндеттерінен орташа жалақыларын сақтай отырып босату;
      2) шақырылған азаматтардың Қызылорда облысы "Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне уақытылы келуін қамтамасыз ету мақсатында кент, ауылдық округ әкімдері мен әскери есептік мамандарына, оқу орындарындағы әскери жетекшілеріне ықпал ету ұсынылсын.
      3. Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Арал аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (Ш. Медетов, келісім бойынша) әскери есепке тіркеу үшін шақырылу учаскесінен өтетін азаматтардың денсаулығын куәландыруға дәрігерлер мен медициналық бикелер қамтамасыз ету сұралсын.
      4. Қызылорда облысы "Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесін алғашқы әскери тіркеу жұмыстары уақытында "Қызылорда электр тарату торабы компаниясы" акционерлік қоғамының Арал аудандық электр торабынан (Н. Ізтілеуов, келісім бойынша) үздіксіз электр жарығымен, Қызылорда облыстық телекоммуникациялар дирекциясы Арал аудандық телекоммуникациялар торабынан (Б. Еренов, келісім бойынша) тұрақты телефон байланысымен қамтамасыз ету сұралсын.
      5. Арал ауданы көлемінде 2012 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды шақыру учаскелеріне алғашқы әскери тіркеуді ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрамы N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      6. "Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Қ. Аяпов) N 2 қосымшаға сәйкес алғашқы әскери есепке тіркеуді ұйымдастыруға қоғамдық жұмыстарға өз еркімен келіскен азаматтарды бөлу тапсырылсын.
      7. Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің "Арал аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Ә. Қосбармақов, келісім бойынша) тіркеуге алу кезінде іздеу салу тобына және шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіп сақталуды қамтамасыз ету үшін қызметкелерді бөлу ұсынылсын.
      8. Қызылорда облысы "Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінен (М. Байсынов, келісім бойынша) тіркеуге алу жұмысының қорытындысын, тіркеуді жүргізу жұмысы аяқталғаннан кейін он күн мерзім ішінде аудан әкіміне хабарлау сұралсын.
      9. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арал ауданының әкімі                       Н. Мұсабаев

      Арал ауданы әкімінің
      2012 жылғы "01" ақпандағы
      N 6 шешімімен бекітілген
      N 1 қосымша

       Арал ауданы көлемінде 2012 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды шақыру учаскелеріне алғашқы әскери тіркеуді ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрамы

      Байсынов Мұрат Балтабекұлы - Қызылорда облысы "Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
      Ерекешов Сегізбай Қаймақұлы - Қызылорда облысы "Арал ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары;
      Үмбеталиев Әлтай Жеңісұлы - Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің "Арал аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
      Байгасинова Жамиға Кемадуллақызы - Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының"Арал аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жасөспірімдер терапевт дәрігері, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
      Қодарова Күлмарам Оразғалиқызы - Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Арал аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медициналық бикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

      Арал ауданы әкімінің
      2012 жылғы "01" ақпандағы
      N 6 шешімімен бекітілген
       N 2 қосымша

       Арал ауданы көлемінде 2012 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды шақыру учаскелеріне алғашқы әскери тіркеуді ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз ету уақытында қоғамдық жұмыстарға бөлінетін жұмысшылар саны

      Қызылорда облысы Арал ауданының әкімдігі "Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінен – 4 жұмысшы.
      Қызылорда облысы Арал ауданының әкімдігі "Арал аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінен – 2 қызметкер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады