Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 07.12.2021 № 151 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қызылорда облысы, Қазалы ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Қазалы ауданының және Әйтеке би кенті жерлерінің бағалау аймақтарының шекаралары мен базалық салықтық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың XІ сессиясының төрағасы | Б. Дәулетияров |
Аудандық мәслихат хатшысы | Т. Бөріқұлақов |
2012 жылғы "19" желтоқсандағы N 74 Қызылорда облысы, Қазалы аудандық мәслихатының шешіміне N 1 қосымша |
Қызылорда облысы, Қазалы ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
2012 жылғы "19" желтоқсандағы N 74 Қызылорда облысы, Қазалы аудандық мәслихатының шешіміне N 2 қосымша |
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
2012 жылғы "19" желтоқсандағы N 74 Қызылорда облысы, Қазалы аудандық мәслихатының шешіміне N 3 қосымша |