Біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі N 121 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 28 сәуірде N 10-5-180 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 05 маусымдағы N 169 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2012.06.05 N 169 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 56720 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4 бабына сәйкес біржолғы материалдық көмек көрсету мақсатында, Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне), екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына 67000 (алпыс жеті мың) теңгеден материалдық көмек 2012 жылдың 31 мамырына дейін берілсін.
      2. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 25000 (жиырма бес мың) теңгеден материалдық көмек 2012 жылдың 31 мамырына дейін берілсін.
      3. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға біржолғы материалдық көмек (коммуналдық төлемдердің орнына) 2012 жылдың 31 мамырына дейінгі мерзімде төмендегі мөлшерде берілсін:
      Қармақшы ауданы бойынша – 49 208 теңге;
      Байқоңыр қаласы бойынша – 103 714 теңге.
      4. Әлеуметтік қолдау көрсету мақсатындағы біржолғы материалдық көмек 2012 жылдың 31 мамырына дейін төмендегі мөлшерде берілсін:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерiне – 50 айлық есептік көрсеткіш;
      2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне), екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға – 40 айлық есептік көрсеткіш;
      3) бұрынғы КСР Одағының үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер, жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер, ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілеріне, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге; 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы (бұдан әрі – АЭС) апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар және Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға – 25 айлық есептік көрсеткіш.
      5. "Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ә. Қошалақов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ә. Ерсұлтановқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданы әкімінің
      уақытша міндетін атқарушы                           Е. Қалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады