Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2013.01.03 N 333 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2011 жылғы 23 қаңтардағы N 148 және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы N 561-IV Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 28 наурыздағы N 79 қаулысына (әділет органдарында 11 сәуір 2012 жылы N 10-5-178 мемлекеттік тіркеуден өткен, "Қармақшы таңы" газетінің 12 сәуір 2012 жылы N 36-37-38 нөмірінде ресми жарияланған) төмендегі өзгеріс енгізіліп, қаулының бірінші тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қармақшы ауданындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін."
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары Ә. Ерсұлтановқа жүктелсін.
3. Қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданының әкімі М. Ергешбаев
Келісілді
"Қызылорда облысының денсаулық
сақтау басқармасының Қармақшы
аудандық емханасы" шаруашылық
жүргізу құқығындағы мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорны" бастығы
Б. Нысанбаев ___________________
2012 жыл ______________________
Келісілді
"Қызылорда облысы Қармақшы
ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесі бастығы
Н. Бердібеков _____________________
2012 жыл _________________________
Келісілді
"Қазақстан Республикасы Ішкі
Істер Министрлігі Қызылорда
Облыстық Ішкі Істер Департаментінің
Қармақшы аудандық Ішкі Істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б. Нәбиев________________
2012 жыл ____________________