Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі N 123 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 02 мамырда N 10-6-209 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 03 қазандағы N 298 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 03.10.2013 N 298 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, 29-бабы 67-тармақтарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 8-бабы 4-тармағына сәйкес, үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалардың білім алу кезеңінде жергілікті бюджеттен Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес есе мөлшерінде тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органы болып белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары И.Болысбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі                        С. Сермағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады