Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2012.07.09 N 248 қаулысымен.
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 5, 6, 7, 20-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңының 4-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына және "2012-2014 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы N 51-1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2012 жылғы 23 сәуірдегі N 5-2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 3 мамырда N 10-6-210 болып тіркелген) сәйкес қосымша бір жолғы материалдық көмек көрсету мақсатында Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға қосымша 19 978 (он тоғыз мың тоғыз жүз жетпіс сегіз) теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек (коммуналдық төлемдердің орнына) 2012 жылғы 31 шілдесіне дейін төленсін.
2. "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Ибраева) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
И. Болысбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі С. Сермағамбетов