"2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы N 25 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қазандағы N 181 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 31 қазанда N 4331 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 07 ақпандағы N 284 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 07.02.2013 N 284 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148, "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107 және
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы
N 213 Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Жаңақорған
ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы
N 25 "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 10-7-151 санымен тіркелген, 2012 жылғы 11 сәуірде "Жаңақорған тынысы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Қаулының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы осы қаулының
1-қосымшасына сәйкес құрылсын.";
      Қаулының 1-қосымшасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы".
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Бүркітбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа
енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі                 С. Тауипбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Жаңақорған аудандық ішкі істер
      бөлімі Қызылорда облысының Ішкі істер
      Департаменті Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер Министрлігі"
      мемлекеттік мекемесі бастығының
      міндетін атқарушы
      Абдуллаев Ербол Бибатырұлы
      _______________ "23" қазан 2012 ж.

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қызылорда облысының денсаулық
      сақтау басқармасының "Жаңақорған
      аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу
      құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
      кәсіпорынының бас дәрігері
      Абдусаметов Жақсылық Әбілқасымұлы
      ____________ "23" қазан 2012 ж.

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қызылорда облысы Жаңақорған
      ауданының Қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      Әлімбетов Сабырхан Қалиханұлы
      _______________ "23" қазан 2012 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады