"2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі N 120 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 07 мамырдағы N 189 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 11 мамырда N 10-8-177 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 03 қаңтардағы N 1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2013.01.03 N 1 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Қазақстан Республикасының Заңының 31 және 37 бабына, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы N 561-IV Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына, "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 274 Жарлығына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі N 120 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-8-172 санымен тіркелген, 11.04.2012 жылы "Тіршілік тынысы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Ескерту. 1-тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2012.10.29 N 436 қаулысымен.
      қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Сырдария ауданындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін."
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Е. Әжікеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                              Ғ. Әбілтай

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігі
      Қызылорда облысы Ішкі істер
      департаментінің Сырдария
      аудандық ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы Бұрханов Талғат Темірұлы
      ______________________________
      "07" мамыр 2012 жыл

      "Келісілді"

      Қызылорда облысының денсаулық сақтау
      басқармасының "Сырдария аудандық емханасы"
      шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік
      коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері
      Ерімбет Сексенбай Бұқарбайүлы
      ______________________________
      "07" мамыр 2012 жыл

      "Келісілді"

      "Қызылорда облысы Сырдария ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Утжанов Чингис Кубеевич
      ______________________________
      "07" мамыр 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады