Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімінің 2012.03.12 N 61 шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:
1. Аудан әкімінің 2011 жылғы 06 желтоқсандағы "Он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2012 жылдың 10 қаңтарында N 10-9-213 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2012 жылдың 18 қаңтарында N 9 (7952) шығарылымында жарияланған) N 57 шешімге төмендегіше өзгерістер енгізілсін:
1) аталған шешімнің атауын "Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы" деп жаңа редакцияда жазылсын;
2) шешімнің 2 тармағы "Қызылорда облысы Шиелі ауданының Қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен бірлесіп, азаматтарды медициналық куәландыру үшін маман дәрігерлер ұсынылсын (келісім бойынша)" деп жаңа редакцияда жазылсын;
3) шешімнің екінші бетіндегі келісу таңбаларындағы "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Н.Әмір" деген сөздер "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері Н. Әмір" деп, сонымен қатар орыс тілдегі мәтінінің "Начальник государственного учреждения "Шиелийский отдел внутренних дел" С.Карынбаев" деген сөздері "Начальник государственного учреждения "Шиелийский районный отдел внутренних дел" С.Карынбаев" деп өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Жағыпбаровқа жүктелсін.
3. Шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ Н. НӘЛІБАЕВ
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысы Шиелі ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Д. Нурхожин _______ "31 " қаңтар 2012 ж.
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысының денсаулық
сақтау басқармасының "Шиелі аудандық
емханасы" шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының бас дәрігері
Н. Әмір_______________ "31" қаңтар 2012 ж.
"КЕЛІСІЛДІ"
"Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С. Қарынбаев _________________ "31" қаңтар 2012 ж.