Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 5 қыркүйектегі № 1014 қаулысының 11-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Маңғыстау облысындағы субсидиялауға жататын 2012 жылға арналған әлеуметтік мәні бар залалды маршруттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Облыстық
мәслихат хатшысы
Ә. Әбжаппаров Б. Жүсіпов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С. Мақтанов
25 мамыр 2012 жыл
Облыстық мәслихаттың
2012 жылғы 25 мамырдағы
№ 4/34 шешіміне қосымша
Маңғыстау облысындағы субсидиялауға жататын
2012 жылғы әлеуметтік мәні бар залалды
маршруттарының тізбесі
1. «Ақтау – Жетібай – Ақтау» маршруты
2. «Ақтау – Құрық – Ақтау» маршруты
3. «Ақтау – Форт Шевченко – Ақтау» маршруты