Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 10 маусым 2014 № 412 қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмыс іздеуде қиыншылық тартып жүрген, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 05 мамырдағы №207 қаулысымен(жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Жаңаөзен қаласында жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бекітілген квотаға сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған тұлғалар үшін бос жұмыс орындарына орналасу бағытын қамтамасыз етеді.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Болатбаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Трұмов |
"КЕЛІСІЛДІ":
"Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесі бастығы
Б.Маркашова
"04" желтоқсан 2012 ж.