Бейнеу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 шілдедегі № 6/42 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері туралы" шешіміне толықтырлар енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 10/63 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 желтоқсанда № 2183 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашада № 28/197 шешімімен.

      Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 24.11.2014 № 28/197 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 
      Бейнеу аудандық маслихатының 2012 жылғы 24 шілдедегі № 6/42 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 8 тамыздағы №11-3-139 реттік санымен тіркелген, аудандық «Рауан» газетінің 2012 жылғы 30 тамыздағы №35 (2058) санында жарияланған) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1. Шешіммен бекітілген қосымшадағы «Бейнеу ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлерінің тізілімі, мерзілімдігі және мөлшерінде»:
      004 бюджеттік бағдарламаның коды бойынша, ауылдық жерлерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу үшін берілетін біржолғы әлеуметтік көмек бойынша «Әлеуметтік көмек алушы азаматтардың санаттары» бағанына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) «педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдары тізбесіне сәйкес» деген сөздерден кейін «және кітапханашылар» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) «Ветеринария мекемелерінде:
Директор, бас ветеринар дәрігер, ветеринар дәрігер, ветеринар-техник, ветеринар - санитар, эксперт, мал көміндісін қадағалау маманы» деген жолдармен толықтырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік қорғау, заңдылық, құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы Н. Хайруллаев) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы                         Ш.Азанов
      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                 А.Ұлұқбанов
 
      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Б.Өмірбеков
      «10» желтоқсан 2012 жыл
 

«Бейнеу аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
М.Нысанбаев
«10» желтоқсан 2012 жыл
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады