2012 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 07 мамырдағы № 89 Қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 29 мамырда № 11-4-135 тіркелді. Күші жойылды - Қарақия аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 130 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарақия аудандық әкімдігінің 2012.06.15  № 130 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының, 7 бабының 5-4 тармақшасына18-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы” қаулысымен бекітілген “Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасына” сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындары (әрі қарай-әлеуметтік жұмыс орындары) меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде (жұмыс беруші) ұйымдастырылсын.
      2. Қосымшаға сәйкес 2012 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер тізбесі бекітілсін.
      3. «Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын мекемелермен келісім-шартқа отырсын.
      4. Келісім-шартқа отырған мекемелердің басшылары, әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Т.Тәжібаевқа жүктелсін.
      6. Қаулы Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                             Ә.Дауылбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Қарақия аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Қ.Е. Рысбаев
      07 мамыр 2012 жыл

      «Қарақия аудандық экономика
      және қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      Ә.Әбдіхалықова
      07 мамыр 2012 жыл

Қарақия ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 07 мамыр № 89
қаулысына қосымша

2012 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер тізбесі

Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер атаулары

Ұйым-дастырыла-тын әлеу-мет  тік жұмыс орынының саны

Бір адамға төленетін еңбек-ақы мөлше рі (ең төмен гі еңбек-ақының 1,0 мөлше рі)

Әлеуметтік жұмыс түрлері

Жұмыстың ай бойынша ұзақтығы

Қаржы-ланды-ру көзде-рі

1

«Турмыс - Сервис» МКК

35

17439

Кәсіпорынның санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстары; хабарлама қағаздарын тарату мен жеткізу жұмыстарын жүргізу.

12 айға дейін

Жергі-лікті бюджет

2

«Сенек» ЖШС

40

17439

Бие сауу, қымыз дайындау, киіз басу, мал жемдеу, кәсіпорын маңайының тазалық жұмыстарына көмектесу, тағы да басқа қосалқы жұмыстарды жүргізу.

12 айға дейін

Жергі-лікті бюджет

3

«АқтауТрансСервис» ЖШС

35

17439

Тазалық және көгалдандыру, көгалдандырылған аймақты малдардан қорғау, тағы да басқа қосалқы жұмыстарды жүргізу.

12 айға дейін

Жергі-лікті бюджет

4

«Мұнайшы- Сервис» МКК

20

17439

Кәсіпорынның санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстары; хабарлама қағаздарын тарату мен жеткізу жұмыстарын жүргізу.

12 айға дейін

Жергі-лікті бюджет


5

«Балауса» бала-бақшасы МКҚК

15

17439

Кәсіпорынның санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, тағы да басқа қосалқы жұмыстарды жүргізу.

12 айға дейін

Жергі-лікті бюджет


Айгөлек» бала-бақшасы МКҚК

20

17439

Кәсіпорынның санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, тағы да басқа қосалқы жұмыстарды жүргізу.

12 айға дейін

Жергі-лікті бюджет


«Ғарыш  кер» бала-бақ шасы МКҚК

20

17439

Кәсіпорынның санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, тағы да басқа қосалқы жұмыстарды жүргізу.

12 айға дейін

Жергі-лікті бюджет


Барлығы:

185






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады