Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы

Күшін жойған

Қарақия аудандық мәслихатының 2012 жылғы 28 маусымдағы № 3/39 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 31 шілдеде № 11-4-137 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2013 жылғы 05 наурыздағы № 7/86 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2013.03.05 № 7/86 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Респу-бликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектің түрлері, мөлшері мен кезеңділігі және әлеуметтік көмекті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі бекітілсін.
      2. «Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып табылады (келісім бойынша).
      3. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер арқылы төленеді.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Таджибаев).
      5. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         Ж.Әділбеков

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                 А. Мееров

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Қарақия аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Қ.Е. Рысбаев
      28 маусым 2012 жыл

      Аудандық мәслихаттың заңдылық,
      депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік
      мәселелер жөніндегі тұрақты
      комиссияның төрағасы
      Е.Таджибаев
      28 маусым 2012 жыл

      «Қарақия аудандық экономика
      және қаржы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығының
      міндетін атқарушы
      М.Қыдырқожа
      28 маусым 2012 жыл

Қарақия аудандық мәслихатының
2012 жылғы 28 маусымдағы
№ 3/39 шешіміне қосымша

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмектің түрлері,мөлшері мен кезеңділігі

Әлеуметтік көмектің түрлері

Әлеуметтік көмек алушы азаматтардың санаттары

Әлеуметтік көмектің мөлшері

Әлеуметтік көмектің кезеңділігі

1

отын сатып алу үшін берілетін әлеуметтік көмек

ауылдық (селолық) елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мелекеттік білім беру ұйымдарының, мемлекеттік денсаулық сақтау, медициналық және фармацевтика, мәдениет және спорт ұйымдарының қызметкерлері

12100 теңге

жыл сайын

2

ай сайынғы әлеуметтік көмек

мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар

1 АЕК

ай

сайын

үйден оқып

және тәрбиеленетін

мүгедек балалар

5 АЕК

ай сайын

3

тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек

мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар

1,5 АЕК

тоқсан

сайын

асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттік арнаулы жәрдемақы

алушылар (балалар)

1,5 АЕК

тоқсан

сайын

4

9 мамыр Жеңіс Күніне берілетін әлеуметтік көмек

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

100000 теңге

жылына 1 рет

Жеңілдіктері мен кепілдіктері жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар

60000 теңге

жылына 1 рет

Жеңілдіктері мен кепілдіктері жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар

50000 теңге

жылына 1 рет

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайта тұрмыс құрмаған жесірлері

40000 теңге

жылына 1 рет

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін ордендермен және медальдармен марапатталған адамдар сондай ақ, 1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамыр аралығында алты айдан кем емес жұмыс істегендер (қызмет еткендер) және тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін ордендермен және медальдармен марапатталмаған адамдар, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілгендердің басқа да санаттары (Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайта тұрмыс құрмаған жесірлерінен басқа)

10000 теңге

жылына 1 рет

1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқандар

20000 теңге

жылына 1 рет

5

Конституция күніне берілетін әлеуметтік көмек

асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар

2 АЕК

жылына 1 рет

6

мүгедектер күніне берілетін әлеуметтік көмек

барлық топтағы мүгедектер, 16 жасқа дейінгі

мүгедек балалар

2 АЕК

жылына 1 рет (қазан)

7

қарттар күніне берілетін әлеуметтік көмек

70 жастан асқан жалғызілікті зейнеткерлер

2 АЕК

жылына 1 рет

(қазан)

8

студенттерге оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек

облыс әкімінің гранты негізінде мемлекеттік жоғарғы оқу орнында білім алатын тұрғындардың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын студенттер

оқу ақысы

жыл сайын

шәкіртақы

ай сайын

      Ескертпе: АЕК – айлық есептік көрсеткіш
      АЭС – атом электр станциясы

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) әлеуметтік көмек алушының өтініші;
      2) әлеуметтік көмек алушының және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттары (көшірмесі);
      3) әлеуметтік көмек алушының және отбасы мүшелерінің тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжаттары (көшірмесі);
      4) әлеуметтік көмек алушының салық төлеуші куәлігі (көшірмесі);
      5) әлеуметтік көмек алушының банктық шоты бар болуын растайтын құжат (көшірмесі);
      6) әлеуметтік көмек алушының және отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлеметтері (көшірмесі);
      7) оралман мәртебесін растайтын құжат (көшірмесі);
      8) отбасына материалдық залал келтірілген оқиғаны анықтайтын құжат (өрт, су тасқыны, жол апаты), еңбекке жарамсыздығы туралы, емделуге берілген анықтама немесе жолдама (көшірмесі);
      9) отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болғандығын растайтын құжат (көшірмесі).

Әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын студенттерге оқу ақысын және шәкіртақысын алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) әлеуметтік көмек алушының өтініші;
      2) жеке куәлік (көшірмесі);
      3) азаматтарды тіркеу кітабы (көшірмесі);
      4) ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі туралы сертификат (көшірмесі);
      5) орта білімі туралы аттестат, негізгі және орта білімі туралы диплом (көшірмесі);
      6) тұлдыр жетімдер үшін ата-анасының қайтыс болғандығы турлы куәлік (көшірмесі);
      7) көп балалы отбасы мәртебесін растайтын құжат (көшірмесі);
      8) мүгедектер мен бала жастан мүгедектерге - мүгедектігі туралы анықтама (көшірмесі);
      9) оралман мәртебесін растайтын құжат (көшірмесі);
      10) ата-анасының жұмыс орнынан анықтама (көшірмесі);
      11) жоғары оқу орнында оқитындығы туралы анықтама (көшірмесі);
      12) екінші деңгейдегі банктен ашылған есеп шот (көшірмесі);
      13) салық төлеушінің тіркелу номері (СТН) (көшірмесі);
      14) әлеуметтік жеке коды (ӘЖК) (көшірмесі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады