Шетпе селосында 2011 жылы 17 желтоқсанда орын алған оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына, денсаулығы зақымданған мұқтаж азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 6/49 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 17 қыркүйекте № 2149 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 наурыздағы № 8/76 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 11.03.2013 № 8/76 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 1)тармақшасына және «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандартының 3-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1.Шетпе селосында 2011 жылы 17 желтоқсанда орын алған оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына, денсаулығы зақымданған мұқтаж азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – біржолғы әлеуметтік көмек) жергілікті бюджет есебінен келесі мөлшерде берілсін:
      қаза тапқандардың отбасыларына – 1 000 000 (бір миллион) теңге;        денсаулығы зақымданған азаматтарға – 500 000 (бесжүз мың) теңге.
      2.Біржолғы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарды анықтауды жергілікті атқарушы орган құрған арнайы комиссия жүзеге асырады.
      3.Біржолғы әлеуметтік көмек тағайындау «Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен жүзеге асырылады (С.Каимова, келісім бойынша).
      4.Осы шешімнің орындалысын бақылау Маңғыстау аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрайымы Қ.Қ.Бөбетай) жүктелсін.
      5.Біржолғы әлеуметтік көмек беру азаматтардың екінші деңгейлі банктегі есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
      6.Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         С.Төребаев

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                 Т.Қылаңов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Каимова Сәнімгүл Нақыпқызы
      10 қыркүйек 2012 жыл

      «Маңғыстау аудандық экономика
      және қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      Шабикова Рима Нерражимқызы
      10 қыркүйек 2012ж

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады