2012 жылдың қаңтар - наурыз айларында 1995 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Жаңа

Түпқараған ауданының әкімінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 1 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 ақпанда № 11-6-147 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында «Түпқараған ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды тіркеу ұйымдастырылсын.
      2. Селолық округ әкімдері шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу кезінде әскер жасына дейінгілерді хабардар етуді ұйымдастырсын және уақытында келуін қамтамасыз етсін.
      3. Меншік түріне қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына ұсынылсын:
      1) тіркеуге жататын азаматтарға оларды аудандық шақыру учаскесіне шақырғаны туралы хабарлау және олардың уақытында келуін қамтамасыз ету;
      2) әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс (оқу) орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босату.
      4. «Түпқараған орталық аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директорына (келісім бойынша) төмендегі жұмыстарды іске асыру ұсынылсын:
      1) 1995 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде медициналық куәландыру комиссиясына тәжірибелі маман-дәрігерлерді қатыстыру;
      2) 2012 жылдың қантар-наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеуге жататын азаматтардың флюорографиядан, электрокардиограммадан өтуін, анализдер тапсыруын, қан құрамын айыруын қамтамасыз ету;
      3) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясының маман-дәрігерлерін қажетті дәрігерлік аспаптармен, рентген пленкамен, флюорографияға, электрокардиограммаға арналған қағазбен қамтамасыз ету;
      5. «Түпқараған аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) төмендегі жұмыстарды іске асыру ұсынылсын:
      1) азаматтардың тіркеу учаскесіне келуін қадағалау қамтамасыз ету;
      2) азаматтардың шақыру учаскесіне тіркеуден жалтару әрекеттерінің жолын кесу.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.А.Алтынғалиевқа жүктелсін.
      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                             С.У.Трумов

      КЕЛІСІЛДІ:
      «Түпқараған орталық аудандық
      емхана» мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының директоры
      Г.Б.Шалабаева
      17 қаңтар 2012 жыл.

      «Түпқараған аудандық ішкі істер бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      К.Ж.Кобландин
      17 қаңтар 2012 жыл.

      «Түпқараған ауданының қорғаныс істері»
      жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      М.К.Касымов
      17 қаңтар 2012 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады