Мұнайлы ауданы әкімдігінің "2012 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы № 25-қ қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 113-қ қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 22 мамырда № 11-7-116 тіркелді. Күші жойылды - Мұнайлы аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 01 маусымдағы № 143-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Мұнайлы аудандық әкімдігінің 2012.06.01  № 143-қ қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы», 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 27 тамыздағы № 972 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы», 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» қаулыларына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № 25-қ «2012 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-7-112 болып тіркелген, 2012 жылғы 30 наурызда «Мұнайлы» газетінің № 17 (271) санында жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
      2012 жылға халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы шаруашылық субъектілерінің тізімі және еңбек ақы мөлшері осы қаулының № 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» (әрі қарай - уәкілетті орган) мемлекеттік мекемесі жұмыс орындарын құру туралы жұмыс берушілермен келісім шарт жасасын.
      3. Уәкілетті органның жолдамасына сәйкес келісім шарт жасаған ұйым және кәсіпорын басшылары әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Асауовқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгенн күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                    Е.Әбілов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Тұманбаева Жаңыл Кемелқызы
      «Мұнайлы аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
      20 сәуір 2012 ж.

      Толыбаева Алмагүл Мұхамедиқызы
      «Мұнайлы аудандық экономика
      және қаржы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      20 сәуір 2012 ж.

Мұнайлы ауданы әкімдігінің
20 сәуір 2012 ж
№ 113-қ қаулысына қосымша

2012 жылға халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші немесе құрушы шаруашылық субъектілерінің тізімі және еңбек ақы мөлшері

Шаруашылық субъектілер атауы

Кәсіп- тердің (лауа- зымдар) атауы

Әлеумет тік жұмыс орындарының саны (адам)

Бір адамға төлене тін еңбек ақы мөлшері(теңге)

Жұмыс мерзі-мі

Қаржылан-дыру көзі

1

«Казпочта» акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалы

Хат тасушы

6

17 439

12 ай

Жергілік-ті бюджет

2

Маңғыстау Жылу» мемлекеттік комуналдық кәсіпорны

Есепші көмекшісі

1

17 439

12 ай

Жергілік-ті бюджет

3

«Мұнайлы Қызмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Аула тазалаушы

13

17 439

12 ай

Жергілік-ті бюджет


Барлығы


20





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады